KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, З
448.15 483.46 4.86

Семейде салтанатты жиын өтті

3.03.2013, 18:00 235


Семей қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 18-жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға, қалалық ішкі саясат бөлімі, ұлттық-мәдени орталықтар, қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлім ақпараттық секторының мәліметіне сүйене отырып.

Достық үйінің директоры Шолпан Балғозина барлық қатысушыларды атаулы күнмен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы бастамасының маңыздылығы туралы айтып берді.

Барлық қатысушылар атап өткендей, ұлтаралық келісім – еліміздің басты құндылықтарының бірі. Келісімді нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясының, ұлттық-мәдени орталықтардың рөлі зор.

Қалада барлық ұлттардың мәдениетін, тілін, дәстүрлерін дамытуға жақсы жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің тиімді жұмыс істеуі үшін 14 ұлттық-мәдени орталықтардан тұратын Достық үйі құрылған болатын. Қаланың орталығында орналасқан Достық үйінде әр этномәдени бірлестік үшін кабинет берілген. Достық үйі мен барлық этномәдени бірлестіктер қалалық, облыстық іс-шараларға белсенді қатысуда.

Мәлімет көзі Altaynews. kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив