KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 2 м/с, З
443.85 474.3 4.8

Ардагерлер оркестрі Наурызға әзірленуде

2.03.2013, 18:00 139


Күршім аудандық ардагерлер ұйымы кеңесінің төрағасы Е.Ақтекеновтің мұрындық болуымен аудан орталығында тұратын 15 зейнеткерден оркестр құрылып, күнделікті дайындық жасап жатыр. Наурыз мейрамында аудан орталығында қойылатын үлкен мерекелік концертте ардагерлер де көпшілікке өз өнерлерін ұсынбақ .

– Қаңтарда аптасына бір рет дайындалған болсақ, қазір күн сайын даярлық жасаудамыз, – дейді Есманбек Адайұлы, - белгілі күйші, зейнеткер Тынымхан Мамырбе-ковтің жетекшілігімен бүгінге дейін әжептәуір төселіп қалғанымыз рас. Оркестр құрамында біз сияқты «жаңа талаптармен» қатар Нығмет Қисамбин ағамыз секілді танымал күйшілер де бар.

Күршімдік ардагерлердің осыдан екі жыл бұрын 40 адамнан тұратын хор ұжымын құрып, өнерлерін көптеген ауылдарда паш еткені туралы жазған болатынбыз. 2012 жылы осы хор ұжымы Катонқарағай ауданында өткен облыстық ән байқауына қатысып, «Елім деп ән саламын» номинациясын жеңіп алғанынан жұрт хабардар.

Мәлімет көзі Altaynews. kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив