KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Семейде «Халық мақтанышы – 2013» анықталды

27.02.2013, 18:00 210


Семей қаласындағы Достық үйінде қалалық «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Халық мақтанышы – 2013» атты қалалық байқау өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпаратына сүйеніп.

Іс-шараға «Нұр Отан» ХДП-ның Семей қалалық филиалы, ішкі саясат бөлімі қолдау көрсетті.

Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйенсек, аталмыш байқаудың мақсаты жас буынның елге, тілге деген мақтанышын, отансүйгіштіктерін арттыру, Семей өңірінен шыққан ұлы тұлғаларды жастар арасында кеңінен насихаттау, жерлестеріміздің шығармашылығымен жастарды таныстыру болды.

Кешке «Нұр Отан» ХДП – ның мамандары, ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, жоғары оқу орындары мен орта арнаулы білім беретін оқу орындарының студенттері, белсенді қала жастары қатысты.

Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталды.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив