KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 1,7 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Семейлік жастар мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын талқылады

26.02.2013, 18:00 131


Семейлік жастар мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын талқылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сүйеніп.

Семей қалалық ішкі саясат бөлімі және «Нұр Отан» ХДП филиалының «Жас Отан» Жастар қанаты «Жастар – жарқын болашақ кепілі» атты дөңгелек үстел жұмысын ұйымдастырды. «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелері, жастар ұйымдарының көшбасшылары және студент жастар қатысқан жиын барысында «Қазақстан – 2020: болашаққа айқын жол» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы талқыланды.

Сөз сөйлеушілер атап өткендей, бұл тұжырымдаманың басты ерекшелігі – жастардың барлық санаты қамтылған. Яғни білім алып жатқандардан басқа ауылдың жастары, жұмыссыз жүрген жас жеткіншектер жайы да қарастырылған.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – жастарды әлеуметтендіру және жас азаматтарды қоғамдық-саяси өмірге тарту болып табылады. Жастардың бойында патриотизм, халық бірлігі, мәдени көпжақтылық, толеранттылық, заңға құрмет, еңбексүйгіштік, инновациялылық және ғылым, отбасы, ден¬саулық сақтау және спорт, позитивті мұраттылық, жаңа эко¬логиялық этика сияқты құндылықтарды тәрбиелеу бағыттарында көп күш жұмсау қажеттігі айтылған. Қоғамның жаңғыруы жағдайында және адами капиталға деген сұра¬ныстың өсуінің кезеңінде тұжырымдама мемлекеттің дамуының құралына айналуы тиіс.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив