KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 8 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Дене шынықтыру және спорт факультетінің ашылу салтанатына арналған спорттық-көпшілік сайыстар (+сурет)

25.02.2013, 18:00 287


СМПИ спорт залдары мен «Локомотив» стадионында дене шынықтыру және спорт факультетінің ашылу салтанатына арналған спорттық-көпшілік сайыстар өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жөнінде тілшімізге Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастыру комитетінде хабарлады.

Жарыс бағдарламасында футбол, волейбол, баскетбол сияқты кең тараған спорт түрлері қамтылды. Сайысқа «Дене шынықтыру және спорт» пен «Алғашқы әскери дайындық» мамандықтары топтарының құрамалары, сонымен қатар ДШСФ деканы М.Х.Сулейменовтың жетекшілігімен СМПИ-ның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Студенттер жақсы дене дайындығымен және спорттық-техникалық шеберлік пен тактикалық сауаттылық көрсетті. Профессорлық-оқытушылық құрам жоғарғы моральдық-күш жігер қасиеттері мен тәжірибелерінің арқасында жастар қауымына еш дес бермей, әр бір жарыс түрінде намысты қолдан бермеу үшін күресті.

«Локомотив» стадионында студенттерге шынығу мен салауатты өмір салтын сақтау жағынан кез-келген білім беру мекемесіне қажетті, ұйымдастыру әдістемесі мен мұз айдынында жарыстар өткізуді көрсету мақсатымен қысқы спорттық мереке ұйымдастырылды. Мереке бағдарламасына эстафеталар, мұз айдынындағы қозғалмалы және спорттық ойындар кіргізілді. Мереке сәтті өтіп, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам жарыс бағдарламасындағы барлық спорт түрлеріне асқан қызығушылықпен қатысып, қыстың саф таза ауасында спорттық құралдармен қозғалмалы іс-әрекет арқасында жақсы көңіл-күй мен жағымды эмоция алды.

Дене шынықтыру және спорт факультетінің ашылу салтанатына арналған спорттық-көпшілік сайыстар (+сурет)
Дене шынықтыру және спорт факультетінің ашылу салтанатына арналған спорттық-көпшілік сайыстар (+сурет)
Дене шынықтыру және спорт факультетінің ашылу салтанатына арналған спорттық-көпшілік сайыстар (+сурет)
Дене шынықтыру және спорт факультетінің ашылу салтанатына арналған спорттық-көпшілік сайыстар (+сурет)
Дене шынықтыру және спорт факультетінің ашылу салтанатына арналған спорттық-көпшілік сайыстар (+сурет)

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив