KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Аймақтың сот орындаушылары былтыр 83 586 007 теңге жалақы төлемдерін өндіріп алды

23.02.2013, 18:00 181


Аймақтың сот орындаушылары былтыр 83 586 007 теңге жалақы төлемдерін өндіріп алды. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот актілерін орындау департаментінде 2012 жылдың қорытындысы және алдағы жылдардың жұмыс жоспарын талқылауға байланысты өткен кеңейтілген мәжілісте айтылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі ШҚО сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы сот актілерін орындау департаментінің аумақтық сот орындаушылар бөлімдерінде өткен жылы 114 миллиардтан астам тенгегені құрайтын 120 833 дана атқару құжаттары қаралды. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 18 пайыз, яғни 20 мың құжатқа артық. Былтыр осы жұмыстың 62 пайызы толығымен орындалды.

Департаментте сонымен бірге мемлекет пайдасына өндіру бойынша былтыр жалпы сомасы 27 156 194 690 теңге болатын барлығы 76 482 дана атқару құжаты өндірісте болды. 12 айдың ішінде оның 42 797 данасы нақты орындалған.

2012 жылдың 12 айында аймақтың сот орындаушылары республикалық бюджетке 45 818 520 теңге көлемінде атқарушылық санкция өндірді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 12 миллион теңгеге артық болды. Жиында ведомство басшылығы атқарушылық санкияның қалған берешегін өндіру бойынша аумақтық бөлімдеріне тапсырмалар жүктеді.

Ведомствода былтыр жалақы төлемдерін өндіру бойынша жалпы сомасы 449 216 765 теңге болатын 1727 дана атқару құжаты өндірісте болған. Соның ішінде сомасы 212 575 075 теңге болатын 470 дана құжат аяқталып, оның 83 586 007 теңге соманы құрайтын 282 дана атқару құжаты нақты орындалды.
-Қазір Семей қалалық аумақтық сот орындаушылар бөлімі әлі күнге дейін жұмыс істеуге жарамайтын кеңседе отыр. 2013 жылы осы мәселелерді шешеуіміз қажет. Дегенмен осындай қиындықтарға қарамастан департамент жұмыс қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Көрсеткіш алдыңғы жылдардағыдан артық – деді жиында Шығыс Қазақстан облысы сот актілерін орындау департаментінің бастығы Жұмағазы Оразов.

Жалпы аймақта сот шешімдерін орындау бойынша сот орындаушылардың іс әрекеттері бұрынға жағдайлармен салыстырмалы түрде қарағанда көп мөлшерде жақсарып, ұтымды жолға қойылды. Оның ішінде азаматтарды қабылдау тәртібі, түскен арыз шағымдарды қарау және уақтылы жауап беру тәртібі, сот шешімдерін орындау барысындағы қиыншылықтарды жергілікті бұқаралық ақпарат арқылы халыққа жеткізу тәртібі өз шешімін тауып отыр.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив