KZ
Өскемен
+16°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
448.89 477.93 4.76

Жалған ақпарат таратушылар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады

23.02.2013, 18:00 187


Бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат берушілердің қатары соңғы кезде көбейіп кетті. Олар өздерінің бұл «әзілдерімен» мемлекетке шығын келтіріп, қылмыстық жауапқа тартылатынын ескере бермейді. 2012 жылы ШҚО бойынша осындай 11 факт тіркеліп, 10 адам құрықталды, оның 6-ы сотталған.деп хабарлайды Altaynews.kz

Бұл қылмыс түрі бұрын ҚР Қылмыстық Кодексінің 242 бабы бойынша «террорлық әрекет жайлы жалған ақпарат беру» деп жеңіл қылмыс түріне жатқызылса, қазір, соңғы енгізілген өзгертулерден кейін ауыр қылмыс түріне ауыстырылған.

Заңға өзгертулер енгізілмес бұрын жалған ақпарат берушілерге 200-ден 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу немесе 2 жылға бас бостандығынан айыру, осынша уақытқа жұмысқа салу, бостандығына шектеу қою жазалары қолданылатын.

Заңға өзгерту енгізілгеннен кейін 200-ден 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлету немесе 7 жылға дейін бас бостандығына шектеу қою, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

С.Жоломанов


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив