KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Кеңестік-диагностикалық «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» пойыздары көмекке асығады

22.02.2013, 18:00 167


Ағымдағы жылғы сәуір айынан бастап Қазақстанның темір жолдары бойымен еліміздің түпкір-түпкіріне кеңестік - диагностикалық «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» пойыздары шығады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы ауқымды әлеуметтік маңызды акция аясында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары» акционерлік қоғамының жоғары білікті бірінші және екінші санатты дәрігерлері Республика тұрғындарына медициналық көмек көрсететін болады. Олардың қатарында терапевт, педиатр, хирург, офтальмолог, оториноларинголог, кардиолог, невропатолог, гинеколог, уролог, стоматолог, ренгенолог, онколог, дерматолог, эндоскопист, УДЗ дәрігерлері және басқа да мамандар бар.

Кеңестік-диагностикалық пойыздар сандық зертханалық, рентгенодиагностикалық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық, электрқұралды медициналық жабдықтармен, республикамыздың барлық аймақтарына таралатын тұрақты телефон байланысына және кең жолақты интернетке қол жеткізетін спутниктік байланыс арнасы сияқты телекоммуникация құралдарымен жабдықталған. Пойыздың техникалық мүмкіндіктері тұрғындарға емдеу – диагностикалық, шағын амбулаторлық хирургиялық операциялардың және стоматологиялық жәрдемнің барлық түрлерін көрсетуге, ТМД және Қазақстан Республикасының жетекші ғылыми медициналық орталықтары нақты уақытта шалғай стансалар мен бекеттердегі науқастарды емдеу барысында on-line режимде конференция өткізуге, консилиум жасауға, кеңес беруге мүмкіндік береді.

Шығыс Қазақстан облысында кеңестік-диагностикалық пойыз сәуір айынан мамыр айына дейінгі үш апта бойы «Өскемен-Риддер», «Өскемен-Зырян», «Өскемен-Шемонаиха» темір жолы бағыттарымен жүріп, халыққа қызмет көрсететін болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив