KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
448.89 477.93 4.76

Семей қаласында пауэрлифтингтен қалалық ашық біріншілік өтті

20.02.2013, 18:00 298


Семей қаласында пауэрлифтингтен қалалық ашық біріншілік өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Жарыстарда жергілікті спортшылардан басқа Өскемен және Риддер қалаларының өкілдері бақ сынасты. 120 үміткер сайысқан жарыстардың қорытындысында үздік шыққандарға республикалық чемпионатқа жолдама берілді.

Пауэрлифтинг бізде жаңадан еніп келе жатқан спорт түрі болғанымен қазірдің өзінде танымал болып үлгерді. Жарыстарға үш жаттығу кіреді – зіл темірді иыққа салып, жүрелеп отыру, зіл темірді жатып сығымдап көтеру және тарту. Осы жолы сайыстар зіл темірді жатып сығымдап көтеру түрінен ұйымдастырылды. Біріншілікте белгілі спортшылармен қоса жас спортшылар да күштерін саралап көрді.

Біріншілікті қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі өткізіп отыр. Ведомствода пауэрлифтинг тің Семей қаласында жақсы дамып келе жатқанын айтады. Алайда шаһарда атлеттердің жаттығуына арналған бір-ақ спорт залы бар екен.
.

Ашық біріншіліктің қорытындылары бойынша өз салмақ дәрежелерінде Закир Найманбаев, Андрей Литягин және Евгений Лейс абсолютты чемпион атанды. Екі спортшы спорт шеберлігіне кандидаттың нормативтерін орындаса, бес спортшы Теміртауда өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама алды.

Семей қаласында пауэрлифтингтен қалалық ашық біріншілік өтті
Семей қаласында пауэрлифтингтен қалалық ашық біріншілік өтті
Семей қаласында пауэрлифтингтен қалалық ашық біріншілік өтті
Раушан Мусина

right]Мәлімет көзі: Аltaynews.kz[/right]




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив