KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Гемодиализ орталығы Өскеменде ашылды

20.02.2013, 18:00 173


Өскемен қаласында заманауи гемодиализ орталығы ашылды. Бұл емдеу орны бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан науқастардың өмірін екі есеге дейін ұзартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бүйрек жетімсіздігі кезінде бүйрек ағзаны шлактардан тазартуға қауқарсыз. Сол себепті бұл функция заманауи құрылғылардың көмегімен жүзеге асады.

«Қазақстанда гемодиализ бағдарламасы бойынша науқастардың өмір жастары әзірге 7-10 жылға ұзарады. Европа мен басқа да дамыған елдерде бұл көрсеткіш 10-20 жылға жеткен. Біз Германиядан сатып алған құрал-жабдықтардың арқасында сол деңгейге жетеміз деп ойлаймын. Қазақстанда осындай бірнеше ғана орталық бар. Ал Өскеменде біз алғашқымыз» дейді «B.B.Nura» ЖСШ-нің коммерциялық директоры, нефролог дәрігер Алмат Әбділов.

Орталықта науқастар үшін мұнда барлық жағдайлар жасалған. Жаңа емдеу орны әзірге 20 науқасты ғана қабылдай алады. Осындай диагнозбен тағы 100 адам стационарда емделеді. Өңірлегі гемодиализ көмегіне зәру жандардың саны бұдан әлдеқайда көп. Науқастар осындай гемодиализ орталықтары ерте ме, кеш пе, аудандарда да ашылады деп үміттенеді.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив