KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 7 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Облыстың полицейлері 10 жасар қызды айуандықпен өлтірген күдіктіні қол түсірді

19.02.2013, 18:00 137


Облыстың полицейлері 10 жасар қызды айуандықпен өлтірген күдіктіні қол түсірді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ полицейлері Жаңа Шүлбі кентінде 10 жасар оқушы қызды айуандықпен өлтірді деген күдікпен 42 жастағы азаматты қамауға алды. Адам өлтіруге қатысты атышулы қылмыстың ашылуына бір айдай уақыт кетті.

Полиция қызметкерлері мәлімдегендей, қылмыскер сол кенттің бұрын істі болған, еш жерде жұмыс істемейтін жергілікті тұрғыны болып шықты. Күдікті қыз баланы алдымен қорлап, содан кейін тұншықтырып өлтіргені анықталды. Қылмысты мас күйінде жасаған. Полицейлер жас баланы өлтіру және зорлау қылмысын дәлелдейтін барлық фактілерді жинады.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 12 қаңтарында Жаңа Шүлбі кентінде мектепке бара жатқан жолында 10 жасар қыздың жоғалып кеткені жөнінде хабарлаған болатынбыз. Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қыз баланың мүрдесі қираған металды су айдау мұнарасынан сол күні түстен кейін табылған болатын.

Тергеу барысында анықталғандай, бала алдымен зорланған, кейін буындырылып өлтірілген. Осы оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 120-шы және 121-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив