KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Астероид жерге тым жақын ұшып өтті

16.02.2013, 18:00 156


Астероид жерге шамамен 27 мың шақырым болатын тым жақын қашықтықта ұшып өтті. Ғарыштық өлшем бойынша бұл арақашықтық жер мен айдың арасындағы қашықтықтан 14 есе кем. Қазір ғалымдар бұл астероидтің Ресейдің Челябі облысының аумағында құлаған метеоритпен байланысы бар жоғын анықтауда, деп хабарлайды 24 kz. телеарнасы.

Астероидтің жерге жақындайтыны алдын ала ескертілген. Мәселен, алғаш рет оны өткен жылдың басында испандық астроном байқаған. Сол кезден бері ол үнемі зерттеліп, бақылауда болды. Салмағы 120 мың тонна, ал диаметрі 50 метр астероид секундына 8 шақырым жылдамдықпен ғарышты айналып жүрген. Қазір ғалымдар бұл астероидтің Ресейдің Челябі облысының аумағында құлаған метеоритпен байланысы бар жоғын анықтауда. Ал, мамандар бұл астероид шамамен жарты ғасыр өткеннен кейін жерге қайта жақындайтынын хабарлайды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив