KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
449.58 486.94 4.86

Облыстың құтқарушылары елді мекендерді қардан бірлесе тазалауға шақырды (+сурет)

15.02.2013, 18:00 160


Облыстық ТЖД қызметкерлері облыс орталығының жеке меншік үйлер секторына барып, тұрғындарды шатырлар мен аулаларды қардан бірлесе аршуға шақырды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық ТЖД мәліметіне сүйеніп.

Мамандар Тургенев, Чапаев және Нефтебаза ауданындағы бірнеше көшелердің, Меновное кентінің тұрғындарын маңайларын қардан тазалуға жұмылдырды. Өскемендіктер құтқарушылардың үндеуіне түсіністікпен қарап, көктемгі тасқынның алдын алу шараларын бірлесе қарастырып жатыр.

Мұндай үгіт жұмыстары облыстың барлық аудандарында жүргізілді. Қаланың құтқарушылары кеше Аблакетка ауданына барып, 5000-нан астам үнпарағын таратты.

Жиналған қарды қала сыртына шығарумен коммуналды қызметтер айналысады.

Облыстың құтқарушылары елді мекендерді қардан бірлесе тазалауға шақырды (+сурет)
Облыстың құтқарушылары елді мекендерді қардан бірлесе тазалауға шақырды (+сурет)
Облыстың құтқарушылары елді мекендерді қардан бірлесе тазалауға шақырды (+сурет)


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив