KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев тұрғындар алдында есеп берді

14.02.2013, 18:00 226


Кеше Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев жылдағы дәстүр бойынша тұрғындармен кездесіп, есеп берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Баяндамадағы мәліметтер бойынша өткен жылы Өскемен қаласының экономикасы өсіп, тұрғындардың әл-ауқаты түзеліпті. Шаһар шаруашылығының қай саласын алып қарасақ та өрлеу бар. Қала басшысы Серік Тәукебаев өзінің баяндамасында көрсетілгендей, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 608,1 млрд. теңгеге жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 41,3 пайызға артық. Облыстық көрсеткіште қаланың үлесіне барлық өндірілген өнімнің 64,5 пайызы тиесілі.

Халықтың, әсіресе әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындардың жағдайы жергілікті биліктің жіті назарында. Қала басшылығы халық тұтынатын тауарларға бағаның өсіп кетпеуін үнемі қадағалап отырады. Азық-түлік бағасының өсіп кетпеуін болдырмау мақсатында қалада 19 әлеуметтік бөлім жұмыс істейді.

Тұрақты негізде тұрақтандыру қорындағы көкөністер мен жемістер қаланың 40 сауда нысандарында саудаланады. «Ақсай нан» ЖШС қаланың ірі дүкендеріне нан бағасын 40 теңгеден сатса, дүкендер 45 теңгеден асырмайды.

Қала әкімінің тұрғындар алдындағы есептік кездесуіне облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Сәлімгерей Бекбергенов қатысты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив