KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Ресейде аққан жұлдыздардан жауған жаңбырдан соң 100 адам дәрігерлік көмек сұрады (+сурет)

14.02.2013, 18:00 141


Ресейдің Челябиск облысында аққан жұлдыздардан (метеорит) жауған жаңбырдың салдарынан өздерін нашар сезінген 100 адам дәрігерлік көмек сұрады. Бұл жөнінде Ресей Федерациясының Ішкі Істер Министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ведомствода айтқандай, олардың көбі терезенің сынған шыныларымен жарақаттанған. Бұған дейін 4 адам зардап шеккені туралы айтылған болатын.

Ресейде аққан жұлдыздардан жауған жаңбырдан соң  100 адам дәрігерлік көмек сұрады (+сурет)Бүгін таңертең Урал маңындағы бірнеше облыстардың тұрғындары аспаннан өте жарық нәрсені байқайды, артынша жарылыстың дыбысы естіледі. Челябинск қаласында жарылыс толқынының әсерінен тұрғын үйлер мен дүкендердің терезелері ұшып, сынған.

Ресейдің ТЖМ деректері бойынша, Урал федеральды оругінің үстінде метеоритет жарылып, оның бөліктері ауаның төменгі қабаттарында жана бастаған. Метеориттің кейбір бөлшектері Жерге дейін жетіп, Сатка қаласының адамдар аз қоныстанған аумағына құлаған.

Ресейде аққан жұлдыздардан жауған жаңбырдан соң  100 адам дәрігерлік көмек сұрады (+сурет)Аққан жұлдыздардың кесірі мен зардабы туралы қарама-қайшы мәліметтер Уралдың түкпір-түкпірінен түсіп жатыр. Біреулер ұялы байланыс жоқ десе, екінші біреулер бәрі ойдағыдай, байланыс бар, радиациялық фон қалыпты деген хабар береді.

Бүгін Челябинск, Түмен және басқа да аумақтарда метеориттен жаңбыр жауғаны белгілі болды. Оның көп зардабы бола қоймайды деп сенемін. Бұл біздің өткізіп жатқан форумның тағы бір символы. Бұл біздің экономиканың ғана емес, бүкіл планетамыздың жағдайының осалдығының дәлелі» деді Ресейдің премьер-министрі Д.Медведеев дәл осы сәтте Красноярск қаласында өтіп жатқан экономикалық форумда.

Ресейде аққан жұлдыздардан жауған жаңбырдан соң  100 адам дәрігерлік көмек сұрады (+сурет)Ресейде аққан жұлдыздардан жауған жаңбырдан соң  100 адам дәрігерлік көмек сұрады (+сурет)Ресейде аққан жұлдыздардан жауған жаңбырдан соң  100 адам дәрігерлік көмек сұрады (+сурет)

Кейбір мәліметтерге сүйенсек, метеориттен жауған жаңбыр Қазақстанның кейбір облыстарына да әсер етіпті. Бірақ ресми хабар түскен жоқ.

Айна Ескенқызы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив