KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Күршімде ақсақалдар асар шақырып, мешіт салу туралы шешімге келді

12.02.2013, 18:00 129


Бүгінде 10 мың тұрғыны бар Күршімде аудандық ақсақалдар кеңесі бастама көтеріп, мешітті асарлатып салуды ұйғарды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Соған орай ақсақалдар аудан жұртшылығын әркім қолдан келгенінше үлес қосуға, жұмыс істейтін қауымды ай сайын бір күндік еңбекақыларын «Шапағат» қоғамдық имандылық қорына аударып отыруға шақырды.

«Діни сенімі мықты елдің іргесі де мықты» деген сөз бар. Болашақ ұрпаққа имандылық тәрбиесін беретін қасиетті орын – мешіт құрылысына қолғабыс жасағанның сауабы мол. Тәңірдің ризалығы үшін осы іске қаржылай қолдау көрсетейік!» деген ақсақалдардың бұл үндеуі жауапсыз қалмауы тиіс.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив