KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Өскеменнің қақ ортасында героин сатқан әйел ұсталды

11.02.2013, 18:00 257


Өскемен қаласының полицейлері қаланың орталық көшелерінде героин сатумен айналысқан әйелді ұстады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық ІІД –нің баспасөз қызметіне сүйеніп.

Тәртіп сақшыларына әйелдің героин тарататыны туралы мәлімет жедел арналардан түскен. Полицейлер күдіктінің Бабкина мельница ауданында тұратынын анықтапты.

«Тұтынушылармен сатушы қаланың қақ ортасында не болмаса орталық базарда кездесіп, тауарын сатып отырған, - дейді облыстық ІІД –нің баспасөз қызметінің инспекторы Айжан Сіләмбаева. – Одан сатып алған өнімді тұтынушылар азғантай партиялармен қымбат бағамен қайта сатып отырған».

Қазір қылмысты топтың барлық мүшелері ұсталды. Полиция қызметкерлері олардан 20 грамм героин мен 1 миллион теңге тапты. Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив