KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
444.32 473.33 4.76

Қаржы пирамидасын құрғандар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады

9.02.2013, 18:00 90


Елімізде «қаржы пирамидаларының» жұмысына тосқауыл қойылады. Бас прокуратура әзірлеген жаңа Заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына көктемде ұсынылмақшы, деп хабарлайды 24 kz. телеарнасы ҚР Бас прокурорының көмекшісі Нариман Қасымбековтің берген мәлімдемесіне сүйеніп.

Маңызды құжат әккі алаяқтардың жолын кесуді көздейді. Егер депутаттар заңды қабылдап, ол күшіне енсе, қаржы құрылымын ұйымдастырғандар қылмыстық жазаға тартылады. Қылмыскерлер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Сонымен қатар пирамидаға қаражат салғандар да жазасыз қалмайды. Оларға қомақты көлемде айыппұл салынады.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив