KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскемен-Риддер тас жолында бірнеше автокөлік соғылып, соның салдарынан 5 адам жарақат алды

8.02.2013, 18:00 185


8 сағат 30 минутта Өскемен – Риддер тас жолының 16-шақырымында көктайғақтың салдарынан бірнеше автокөлік қақтығысып қалды. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық ІІД жол полициясы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол полициясы қызметкерлерінің мәліметі бойынша, Риддер бағытында кетіп бара жатқан Хонда Инспайер автокөлігінің жүргізушісі арақашықтықты сақтамағандықтан алдында кетіп бара жатқан Митсубиси көлігіне барып соғылған. Содан кейін Хонда Инспайер көлігінің жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетеді. Қарсы жолақта ол қарсы келе жатқан Мазда -323 автокөлігімен бетпе-бет соғылады. Мазданың артында келе жатқан автомобиль Тойота Спринтер көлігінің жүргізушісі де ара қашықтықты сақтамағандықтан, Мазда көлігін бүйірінен қағып, қарсы бағытта қозғалып келе жатқан Митсубиси Айтрек көлігіне соғылды. Көктайғақтың зардабынан 5 автокөлік қақтығысып, соның салдарынан 5 адам жарақат алды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив