KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 4 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Алматы қаласының әуежайында «Скат» авиакомпаниясына тиесілі АН-24 ұшағы қону жолағынан шығып кетті

6.02.2013, 18:00 145


Алматы қаласының әуежайында «Скат» авиакомпаниясына тиесілі АН-24 ұшағы қону жолағынан шығып кетті.

Әуежайға қонар кезде Тараз-Алматы бағытында ұшып келген «Скат» авиакомпаниясына тиесілі АН-24 ұшағы қону жолағынан шығып кетті, деп хабарлады Астана телеарнасы кешкі жаңалықтарында.

Оқиға 7-ақпан күні 00.25 минутта орын алды. Әуе кемесінің бортында 24 адам (20 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі) болған. Зардап шегушілер мен қирандылар жоқ деген ресми хабар таратылды.

Алайда телеарна « оқиға кезінде борт инженер жарақат алды» деп мәлімдеді сенімді көздерге сілтеме жасап.

Оқиға орнында Алматы халықаралық әуежайының қызметкерлері жұмыс істеді. Ұшақ 04 сағат 30 минутта ангарға қойылды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив