KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 10 м/с, С
443.85 474.3 4.8

«Генерал Ертаев» атты деректі фильм түсірілді

6.02.2013, 18:00 185


Парламент Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаевтың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясы «Генерал Ертаев» атты деректі фильм түсірді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз парағына сілтеме жасап.

Фильмнің сценарийін жазған Болат Жетекбай мен Сатыбалды Текеев.Қоюшы режиссері белгілі документалист Сатыбалды Текеев. Экрандық туындының сәтті шығуына себепші болған тағы бір тұлға - оператор Николай Райсов.

Фильмде Кейіпкердің өмірден көрген-түйгендері, жұбайы, майдандастары, әріптестерінің ой-толғамдары биік мәртебеге жетсе де қарапайымдылығын сақтап қала білген күрделі мінез иесі Бақытжан Ертаевтың болмысын жан-жақты ашқан.

Астанада өткен қазақ киносының апталығында көрсетілген «Генерал Ертаев» фильмі сыншылар мен көрермендер тарапынан лайықты бағасын алды.

«Генерал Ертаев» атты деректі фильм түсірілді«Генерал Ертаев» атты деректі фильм түсірілді«Генерал Ертаев» атты деректі фильм түсірілді

Ауған соғысында қан кешкен жас офицер Отанға берген антына адал болды. Ақжүрек, таза ниетімен, турашыл әділдігімен қандыкөйлек дос түгілі қару кезеніскен дұшпанын да жүгінтіп, зор құрметке бөлене білді.

Кеңес империясының құлайтын қарсаңында КСРО-ның тұңғыш та соңғы Президенті М.С.Горбачевтің өзі қол қойып, Б.Ертаевты Германияның Подстам қаласына жіберді. Дивизия командирі болды.

Тәуелсіздік таңы атқаннан Қазақстан әскерінің құрылуына бар күш-жігерін жұмсап қызмет етті, Сарыөзек дивизиясын, Қарулы күштердің штабын басқарды. Сол кездерде шетелге сатылған ұшақ дауына ұшырап, басына бұлт үйірілген сәт те болды. «Аққа — Құдай жақ», көңіліне кірбің түссе де ақтығын дәлелдеп шықты.

Абыройлы істерімен, өр намысымен өскелең ұрпаққа өнеге болып жүретін Бақытжан Ертаевты мемлекет те бағалады. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеудесіне «Халық Қаһарманы» белгісін қадады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив