KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Семейде үлкен қоймалардың бірінде орналасқан шеберхана жанып кетті (+сурет)

6.02.2013, 18:00 149


Семей қаласында үлкен қоймалардың бірінде слесарьлық шеберхана өртеніп кетті , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі Семейдің ТЖ бөлімінің мәліметіне сілтеме жасап.

Өрт туралы хабар кезекшінің пультіне таңғы сағат 6.00-де келіп түскен. Оқиға орнына 15 жеке құрам мүшелері мен 4 өрт сөндіргіш техника дереу жетті. Тілсіз жауды ауыздықтау барысында өрттің жалға алынған слесарьлық шеберханада шыққаны анықталды. Жұмысшылардың киім-кешектері, жиһаз, тоңазытқыш, жанатын материалдан жасалған қабырғалар мен жабындылар түгел жанып кетті. Өрттің жалпы аумағы 50 шаршы метрді құрайды.

Семейде үлкен қоймалардың бірінде орналасқан шеберхана жанып кетті (+сурет)
Семейде үлкен қоймалардың бірінде орналасқан шеберхана жанып кетті (+сурет)

Өрт кезінде жанатын өнімдер желдеткіш тесіктер арқылы көрші қоймаларға жайылған. Халық тұтынатын тауарлардың жанып кетпеуі үшін заттарды қоймалардан дереу шығару ұйымдастырылды. Шеберхана жанып жатқан ғимараттан 6 жүк көлігі мен газ баллоны уақытында шығарылып үлгерді. Шеберхана бөлмесі түгел жанып кетті.

Алдын ала тексерулер бойынша өрт электр жабдықтарын орнату кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамағандықтан тұрмыстық тоңазытқышта қысқа тұйықталу орын алды деген болжам бар. Қазір кінәлілер анықталып, келген шығын есептелуде.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив