KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Cемей қаласында спорттың ВТФ таэквондо түрінен облыстық чемпионат басталды(+ сурет)

4.02.2013, 18:00 176


Cемей қаласында спорттың ВТФ таэквондо түрінен облыстық чемпионат басталды. Жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен 1996-1999 жылдары туған 150 жас спортшы жиналды.Сайыстардың қорытындылары бойынша үздік шыққандар республикалық чемпионатқа жолдама алады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Cемей қаласында спорттың ВТФ таэквондо түрінен облыстық чемпионат басталды(+ сурет)
Cемей қаласында спорттың ВТФ таэквондо түрінен облыстық чемпионат басталды(+ сурет)
Cемей қаласында спорттың ВТФ таэквондо түрінен облыстық чемпионат басталды(+ сурет)
Cемей қаласында спорттың ВТФ таэквондо түрінен облыстық чемпионат басталды(+ сурет)

ВТФ таэквондо – корей жекпе-жектерінің бір түрі. Оның ерекшелігі – шығыс жекпе-жегінің бір де бірінде кездеспейтін аяқпен жасалатын шапшаң тепкілер. Бұл олимпиадалық спорт түрі болып саналады және семейлік жас өспірімдердің үлкен қызығушылығын тудыруда.

- Жекпе-жектің осы түріне ұлдар да, қыздар да көп келеді. Тағы бір қуаныштысы, өңірлерден келіп жатқан спортшылардың көптігі. Осыдан 5-6 жыл бұрын Аягөз, Семей және Өскеменнің өкілдері ғана болса, бүгінде Курчатов, Зырян қалаларынан, Көкпекті, Бесқарағая, Абай және басқа аудандардан да үміткерлер кездеседі. Бұл соңғы ойын емес, әлі де болса шеберлігімізді шыңдай түсетін боламыз, - дейді ВТФ таэквондо қалалық федерациясының президенті Мұрат Ақтулиев.

Раушан Мусина

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив