KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Облыс аумағында жабайы жануарларға арнайы жемдіктер орнатылып, 1 тоннадан астам шөп жеткізілді

4.02.2013, 18:00 224


Биылғы қыстың қатаң болуына байланысты жабайы жануарлардың санын сақтап қалу мақсатында орман шаруашылық мекемесі қосымша биотехникалық іс-шараларды қолға алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл мәліметті Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы берді.

Мысалы, тек қаңтар айында резервтік аймақтарда жабайы жануарларға жем-шөп жейтін қосымша 10 жемдік орнатылып, оларға 1 тонна шөп салынды, 56 тұз жалаққа 1100 кг тұз құйылды. Орман шаруашылығы мекемесінің аумағында жабайы жануарларға азық көзі тапшы жерлердегі 31 тұз жалаққа 1750 кг тұз, жем-шөп жейтін алаңдарға 8100 кг шөп жеткізіліп, қосымша 2 жемдік және 2 суат жасалды.Сонымен қатар табиғи азық көздеріне жету үшін жолдар аршылды.

Аталмыш шаралар Орман және аңшылық комитетінің тапсырмасы бойынша жүзеге асты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив