Өскемен
-13°
туман ветер 2 м/с, СЗ
459.92 501.31 6.62

Азаматтық авиация комитеті тарапынан тексерулер басталды

2.02.2013, 18:00 13 0


ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті CRJ маркалы ұшақтары бар әуе компанияларына кезектен тыс инспекциялық тексерулер жүргізуді бастады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда Алматы маңында үстіміздегі жылдың 29-қаңтарында орын алған әуе апатына байланысты ҚР Азаматтық авиация комитеті CRJ маркалы ұшақтары бар әуе компанияларына кезектен тыс инспекциялық тексерулерді бастағаны айтылған.

Бүгінге дейін 7 әуе компаниясының қызметі тексерілді.

Бірінші тоқсанда барлығы 24 авиакомпанияны тексеру жоспарланған.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив