KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2,5 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Ертең Өскеменде қысқы сенбілік өтеді

31.01.2013, 18:00 140


2-ақпанда Өскеменде тұңғыш рет қысқы сенбілік өтеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сүйеніп.

Оның мақсаты жеке меншік үйлерде тұратын соғыс ардагерлеріне, жалғызілікті зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға аулаларын қардан тазалауға қол ұшын беру.

Өскемен қаласының басшысы Серік Тәукебаев облыс орталығының тұрғындарына осындай ұсыныс айтты.

Биыл қардың қалың жауғаны соншалық, былтырғы осы уақытпен салыстырғанда екі есе көп, бүгінге дейін барлығы 190 текше метр қар шығарылған.
Қаңтар айында күн райы күрт жылынып кеткенде, уақытында шығарылмай қалған қардың салдарынан аулаларға барудың өзі қиындап кетті.

-Бұл жағдайда әсіресе, жеке секторда тұратын соғыс ардагерлеріне, жалғызілікті зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға қиын. Мен сондықтан өскемендіктерді ертеңгі қысқы сенбілікке белсенді түрде қатысуға шақырамын, - деді қала әкімі Серік Тәукебаев.

Ертең №1кәсіптік-техникалық лицейінің оқушылары Лермонтов көшесінде тұратын 1 топтың мүгедегі Иван Смолкинге көмекке барады.
Сенбілікке кез келген тұрғын қатыса алады. Ол үшін ауланы, маңайдағы саябақты не скверді қардан тазала жетіп жатыр.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив