KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 5 м/с, З
448.15 483.46 4.86

Өнегелі рухтың мұрагері

28.01.2013, 18:00 70


Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханада ғалым, журналист, аудармашы М.Сұлтанбековтың туғанына 75 жыл толуына орай «Өнегелі рухтың мұрагері» кітап көрмесі ашылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық мәдениет басқармасының берген мәліметіне сілтеме жасап.

Көрмеге жазушының шығармалары, естеліктері, аударма жинақтары және мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалары қойылған. Арнайы жасақталған көрмеден автордың «Поэтическое вдохновение: Абай, Шакарим и Мухтар», «Казах в зеркальном отраженье», «Безветренной ночью луна...», «Чайки Прииртышья» сияқты кітаптары ерекше орын алды.

Сонымен қатар, М.Сұлтанбековтың шығармашылығына қатысты мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалар кітап көрмесін толықтыра түсті. Әсіресе, Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың Мұрат Рақымжанұлы Сұлтанбековтың 70 жылдық мерейтойына арнап жазған «Құттықтау хаты» оқырмандардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Көрме қаңтар айының сонына дейін жұмыс істейді.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив