KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабық

28.01.2013, 18:00 203


Ауа райының қолайсыздығы мен күннің күрт суытуының салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар кейбір бағыттарда көліктің барлық түрлері үшін жолдар жабық, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі облыстық ТЖ департаментінің мәліметіне сүйеніп.

«Республикалық маңызы бар:
28.01.2013 11-50-дан бастап «Алматы–Өскемен» тас жолының 615-977 шақырымы (Алматы облысы шекарасы-Қалбатау)
28.01.2013 09-30-дан бастап «Өскемен-Зырян-Рахман қайнарлары» бағытының 6-92 шақырымы.
28.01.2013 08-30-дан бастап «Қарағанды-Аягөз-Боғаз» бағытының 320-900 шақырымы (Қарағанды обл. шекарасы-Ақсуат ШҚО).
«Өскемен-Риддер-Ресей шекарасы» бағытының15-191 шақырымы
«Өскемен-Шемонайха-Ресей шекарасы» тас жолының 81-123 шақырымы бойынша көліктердің барлық түрлері үшін жолдар жабық.

Облыстық маңызы бар :
«Өскемен-Горная Ульбинка-Северное» бағытының 16-60 шақырымы
«Өскемен-Тарғын-Самар»
«Большенарым-Күршім» бағыттарында 28- қаңтардағы сағат 09.00-ден бастап көліктің барлық түрлері үшін жолдар жабық» деп хабарлайды облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив