KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

"Қарлығаш" бала бақшасында авторлық бағдарлама жұмыс істейді

22.01.2013, 18:00 149


Өскемен қаласындағы «Қарлығаш» және «Жемчужинка» балабақшалары өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудың нәтижелілігін қамтамасыз ететін мектеп жасына дейінгі балаларды дамыта оқыту технологиясын енгізуде. Атап айтқанда, «Қарлығаштың» педагогтары мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда «Мен – жеке тұлғамын» атты авторлық бағдарлама енгізген.

Орталық педагогтарына қазақ тілін дамыту мен үштілділікті жүзеге асыру тұрғысындағы мемлекет саясаты етене таныс. Орталық қызметі Білім және ғылым министрлігінің үш тілде дәріс берілетін «Мұрагер» білім жобасын енгізу бойынша жұмыс жүргізуге бағытталған. Осы жоба шеңберінде математика мен биология ағылшын тілінде, Қазақстан тарихы қазақ тілінде оқытылады және оқушылар қазақ тілін тереңдетіп оқиды. Ең бастысы, ондағы педагогтар оқушылардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, таным құралы ретінде де меңгерулеріне нақты жағдай жасап отыр.

Тағы бір айтарым, орталықтағы педагогтар қашықтықтан оқыту және онлайн режимінде оқытуды енгізу бойынша да мемлекет саясатын қолдайды. Қазір мектеп-кешен орталығында «е-1еагning» электрондық оқыту жүйесін іске асыру үшін арнайы құралдар орнатылуда.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың осы жолғы Жолдауындағы ұсыным-тапсырмаларын қолдай отырып, «Востоктық» педагогтар алдағы уақытта да өскелең ұрпақтың үш тілді сауаттылықтарын қалыптастыру жолындағы кәсіби қызметтерін негізді түрде жалғастыра бермек. Өйткені, Жолдауда атап көрсетілгендей, бұл жасампаз стратегияның иелері – бүгінгі жастар.

Зәуре Бүлкібаева

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив