KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
448.89 477.93 4.76

Кәсіподақ ұйымдарына арналған семинар

22.01.2013, 18:00 128


Семейде кәсіподақ комитеттері төрағаларына арналған «Әлеуметтік серіктестік – кәсіподақ комитеті мен әкімшілігі жұмысының негізі» атты қалалық семинары өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кәсіподақ ұйымдары 2013 жылғы жұмыс жоспарларына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы мен «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасында көрсеткен міндеттерді негізге алды.

– Бұл құжаттар біздің алдағы бағыт-бағдарымызды айқындап берді. Ұжым жұмысының жемістілігі мемлекеттік мекеме мен қоғамдық ұйымның әлеуметтік серіктестік құра білуіне байланысты. Ұрпақтың болашағы біздің өз міндеттерімізді қалай атқаруымызға тікелей байланысты, – дейді қалалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Жанат Құсайынова.

Бүгінде қалалық кәсіподақ комитетінің 106 кәсіподақ ұйымында 7491 мүше бар. «Ұжымдық келісімшарт жасаңыз» атты республикалық акцияға қатыса отырып, барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдары өз жұмыс берушілерімен ұжымдық келісімшарттар жасасқан.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив