KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Тарбағатай мен Зайсан аудандары газбен қамтамасыз етіледі

20.01.2013, 18:00 158


Өңірдегі табиғи газ қорын тиімді пайдалану мақсатында облыс әкімінің орынбасары Айтқазы Шерубаевтың басшылық етуімен алқалы жиын өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оған еліміздің Мұнай және газ министрлігі газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры С.Брекешов бастаған бірқатар лауазым иелері қатысты.

Жиында табиғи газды ел игілігіне жарату үшін алдағы уақытта атқарылатын игілікті істердің барысы туралы нақты мәселелер тілге тиек етіліп, бағыттар айқындалды.

Алдымен сөз кезегін алған «Тарбағатай-Мұнай» ЖШС директоры Б.Еламанов, «Қазтрансгаз» АҚ-ның тәуелсіз директоры Қ.Нупов қатысушыларды арнайы дайындалған бейнекөріністер арқылы жер қойнауындағы табиғи газ қоры мен оны игеруге байланысты ағымдағы жылға жоспарланған жұмыстармен жан-жақты таныстырып, алдағы міндеттерге тоқталды.

Сондай-ақ онда Тарбағатай және Зайсан аудандарының елді мекендерін табиғи газбен қамтудың алғашқы кезеңінде қолға алынатын жобалар да назарға ұсынылды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив