KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 6 м/с, С
444.32 473.33 4.76

Садақа банкоматтар арқылы беріледі

20.01.2013, 18:00 101


Елімізде садақа берудің электронды жүйесі құрылады. Ендігі жерде садақа мешіттегі жәшіктерге емес, арнайы банкоматтарға салынады. Бұл туралы Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Бұл үшін мешіттерге банкомат сияқты құрылғылар қойылып, садақа сол арқылы беріледі. Ақша салынғаннан кейін ол туралы ақпарат бірінші мешітке, екінші діни басқармаға, сосын интернетке жолданады. Яғни кез келген қазақстандық садақадан қанша қаражат түсіп жатқанын біліп отырады. Алайда, бұндай құрылғы ауылдық жерлердің мешіттеріне қойылмайды.

Жүйенің тағы бір жаңалығы – үлкен қалалардағы мешіттерге түскен қомақты қаржыдан енді шағын ауылдардың мешіттеріне де үлес тиеді екен.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив