KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Оқушылар гранттарға ие болды

16.01.2013, 18:00 336


Өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиадаға 14 пән бойынша облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сыныптарынан 573 оқушы қатысты.

Қазылар алқасының құрамында облыстың жетекші жоғарғы оқу орындарының-- С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, Шәкәрім атындағы СМУ, СМПИ, ҚАЕУ ғалымдары болды.
Облыстық олимпиада жүлдегерлері үшін облыстағы жетекші жоғарғы оқу орындарының ректорлық гранттары тағайындалды. Оларды салтанатты жабылуда университет өкілдері табыс етті.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 3 грант (физика, химия, информатика);
Семей мемлекеттік педагогикалық институты – 4 грант (химия, математика, физика; информатика);

Шығыс Қазақстан аймақтық университеті – 12 грант (қазақ тілі, құқықтану негіздері, география, физика, биология, информатика, математика) тапсырды.
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры олимпиаданың үздіктері мен жүлдегерлеріне кітаптар, бағалы сыйлықтар және Грамоталар тапсырды.

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломдармен 36 оқушы, ІІ дәрежелі дипломдармен 29 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломдармен 142 оқушы марапатталды. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

Мәлімет көзі Altaynews. kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив