KZ
Өскемен
-3°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Рождество мерекесімен ШҚО әкімі тұрғындарды құттықтады

5.01.2013, 18:00 116


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аймақтың тұрғындарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Құрметті пастырьлар мен дінге сенушілер! Сіздерді және барша шығысқазақстандықтарды жарқын мереке – Рождество мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Біздің көптеген отандастарымызға шынайы сенушілік қайырымдылық жасауға, маңайындағылардың қасіретін бөлісуге, өмірде жарқын істерді жүзеге асыруға көмектеседі», делінген облыс басшысының құттықтауында.

Біздің мемлекетімізде адамзатты мейірбандыққа, жанашырлық пен махаббатқа шақыратын барлық діни сенімдерге біркелкі құрмет қалыптасқанын ерекше атап өтті Бердібек Сапарбаев.

«Бейбітшілік пен өзара келісім – тұрақтылық пен өркендеудің кепілі. Көп жағдайда осы факторлардың арқасында, әлемдік дағдарыстың салдарынан туындаған кейбір қиыншылықтарға қарамастан, біздің облысымызда әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақты түрде өркендеуі қалыптасты.

Бұл ізгі істерде Шығыс Қазақстанның дінге сенушілерінің, рухани пастырьлардың, діни бірлестіктердің ауқымды үлесі бар. Аймағымыздағы Орыс Православты шіркеуі аймақтағы, жалпы Қазақстандағы қоғамдық өмірдің тұрақты болуына, конфессияаралық және этностар арасында өзара келісім орнауына септігін тигізуші маңызды фактор болып табылады. Рождество мен Құрбан айт күндерінің бізде мереке болып бекітілуі де жайдан жай емес.

Облыстағы 346 діни бірлестіктің 38-і православие өкілдері», деп атап өтті тағы да Б.Сапарбаев.

- Қымбатты жерлестер! Сіздермен Рождество мерекесінің қуанышын бөлісе отырып, Шығыс Қазақстанның барлық православты христиандарына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің мейірімді істеріңіз бен ізгі ойларыңыз біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігіне қызмет етеді, – деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өз құттықтауында.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив