KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, С
446.49 475.38 4.79

2013 жылдың 1-қаңтарынан ең төменгі күнкөріс деңгейі 7 пайызға артты

2.01.2013, 18:00 121


Қазақстан Республикасының «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа есептік көрсеткіштер белгіленді, деп хабарлайды Аstana.kz.

Осыған орай, ең төменгі жалақы көлемі 18 660 теңгені құрайды. Мемлекеттік базалық зейнетақы көлемі – 9 330 теңгені, ең аз зейнетақы көлемі – 19 066 теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді төлеу, сондай-ақ, айыппұл санкциялары мен басқа да салықтар төлемдері үшін айлық есептік көрсеткіш – 1 731 теңгені құрайды.

Базалық әлеуметтік төлемдер көлемін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейі 1 қаңтардан бастап 18 660 теңге болады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив