KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 10 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Бердібек Сапарбаев әкімдер рейтингі тізімінде екінші орында

28.12.2012, 18:00 110


Жаңа жыл қарсаңында «Саясат-Monitoring» тобы сарапшылар, социологтар, журналистер жүргізген сауалнамалар негізінде әкімдердің рейтингінің тізімін жасады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Бердібек Сапарбаев екінші орынға шықты. Аймақ басшысы Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетовтен 0,2 балл ғана артта қалған.

Рейтингті анықтау кезінде тұлғаның саяси статусы мен беделдігі, перспективалылығы, сын бағаларының деңгейі мен ақпараттық белсенділігінің индексі ескерілді.

Соңғы пункт бойынша Шығыс Қазақстанның әкімі барлық әріптестерін басып озып, өзінің қол астындағыларды БАҚ өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істеуге шақырады.

Облыста сын мақалаларға жауап беру механизмі іске қосылған. Жариялылық –билікке деген сенім деңгейін көрсетуші фактор.


Бердібек Сапарбаев өзінің кәсіби шеберлігін, ашықтығын тағы да дәлелдеп берді. Ол кісі үнемі жаңалықтардың ортасында, шығысқазақстандықтармен бірге.

Хабар sayasat.org сайтында жарияланған материалдар негізінде әзірленді.


Мәлімет көзі: ақпарат орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив