Облыс аумағында ауа райының бұзылуы салдарынан 27-желтоқсанда республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың кейбір учаскелерінде жолдар жабылды деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі облыстық ТЖ департаментінің мәліметтеріне сүйеніп.
Облыс аумағында ауа райының бұзылуы салдарынан республикалық маңызы бар «Өскемен – Зырян-Рахман қайнарлары» тас жолының Зырян-Катонқарағай учаскесі, облыстық маңызы бар жолдардың «Шемонайха-Секисовка» 0-54 шақырым, «Семей-Курчатов» 0-130 шақырым, «Семей-Қарауыл» 0-80 шақырым, «Семей-Долон-Владимировка-Сосновка-Қоянбай» 0-184 шақырым, «Өскемен-Самар» 62-145 шақырым учаскелерінде жол жабық.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz