KZ
Өскемен
+9°
переменная облачность жел 3 м/с, В
449.58 486.94 4.86

"Казгидромет" кәсіпорны 24-желтоқсан күнгі ауа райына толықтай болжам жасады

23.12.2012, 18:00 178


«Қазгидромет» кәсіпорны 24- желтоқсан күні еліміздің облыс орталықтарында болатын ауа райына толықтай болжам жасады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Синоптиктер Ақтау қаласы, Қарағанды және Павлодар қалаларында ауа райының бұзылатындығын ескертті. Басқа шаһарлардағы күн райы төмендегідей:

Астанада күндіз ауа температурасы -18-20, түнде -23-25-ті құрайды, секундына 9-14 метр жылдамдықпен соққан желдің екпіні кей уақытта 18 мс/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Көшпелі бұлт шығады, ара-тұра қар жауып, бұрқасындатады.

Алматы қаласында күндіз 0-2, түнде 0 градус шамасында, 0-5 м/с күшпен жел соғады, көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын жауып, тұман түседі.

Ақтөбе қаласында күндіз -18-20, түнде -23-25 градус аяз болады. Секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел тұрады, жауын-шашынсыз.

Ақтау қаласында күндіз ауа бағамы -9, түнде -2-4 градусты көрсетеді, 9-14 м/с күшпен соғатын желдің екпіні 18 м/с-қа дейін артуы мүмкін, ара-тұра жауын-шашын жауады.

Атырау қаласында күндіз -14-16, түнде -19-21 градус суық болады, 9-14 м/с жылдамдықта жел тұрады, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Орал қаласында күндіз ауа температурасы -14-16, түнде -23-25 градус болады, 9-14 м/с күшпен жел соғады, ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.

Өскемен қаласында күндіз ауа бағамы -13-15, түнде -18-20 градусты көрсетеді, секундына 7-12 метр күшпен жел соғады, ара-тұра қар жауады.

Семей қаласында күндіз -12-14, түнде -18-20 градус болады, 7-12 м/с жылдамдықта жел тұрады, қар жауады.

Қарағанды қаласында күндіз -11-13, түнде -13-15 градус аяз болады, 9-14 м/с күшпен соғатын желдің екпіні түнде үдей түседі, қар жауып,
бұрқасындатады.

Петропавл қаласында күндіз температура бағамы -23-25, түнде -26-28 градусты көрсетеді, секундына 9-14 метр күшпен жел соғады, жауын-шашынсыз.

Павлодар қаласында күндіз -13-15, түнде -15-17 градус болады, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 17-22 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал. Қар жауып, бұрқасындатады.

Шымкент қаласында күндіз +2+4, түнде -1-3 градус, 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, ара-тұра жауын-шашын жауады.

Тараз қаласында күндіз ауа температурасы -2-4, түнде -4-6 градус болады, түнде оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр күшпен жел соғады, жауын-шашынсыз, тұман түсуі ықтимал.

Қызылорда қаласында күндіз -8-10, түнде -14-16 градус суық, 9-14 м/с екпінде жел тұрып, қар жауады.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив