KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Аяздың салдарынан республикалық жолдар тағы да жабылды

19.12.2012, 18:00 148


«Қазақавтожол» кәсіпорнының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша еліміздің үш облысының аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.


Атап айтқанда, сағат 17.00-дeн бастап Алматы облысы аумағында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты "Алматы-Өскемен" жолының 558-615 шақырымындағы "Рубеж бекеті- Шығыс Қазақстан облысы шекарасы " аралығында қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін жол жабылды.

Ал Павлодар облысы бойынша сағат 17.00-дeн бері "Омбы-Майкапшағай" жолының 419-587 шақырымындағы "Павлодар қ- Шығыс Қазақстан облысы шекарасы" аралығында да қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктердің жолға шығуына тыйым салынды.

Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысы бойынша барлық бағыттарда қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив