KZ
Өскемен
+6°
небольшая облачность жел 0,7 м/с, З
448.81 476.82 4.77

Жеке кәсіпкерІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.

12.12.2012, 18:00 113


Еліміздің Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен - Шығыс Қазақстан об­лысын­дағы «Багратион» шаруашылық қожалығының бас­шы­сы В.Г.Воропай ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Олардың қатарында мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау қайраткерлері, өндірістік сала, бизнес өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері бар.

Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін әскери қызметшілер, құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы ІІ дәрежелі «Даңқ», І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым, мәдениет, өндіріс пен әлеуметтік саланың 79 көрнекті өкіліне беріліп, Қазақстан Республикасының Құр­мет грамотасына 275 адам ие болды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив