KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XVIII сессиясы өтеді

29.11.2012, 18:00 181


Бүгін облыстық Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XVIII сессиясы өткізілмекші, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Оған Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер басшылары, Достық үйлерінің директорлары, республикалық және облыстық мемлекеттік құрылымдардың басшылары, азаматтық сектордың, қоғамдастықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады деп күтілуде.

Облыста тұратын ұлттар арасындағы тұрақтылық пен келісімді жүзеге асыруға тоғыз Достық үйінің жұмысы бағытталған. Шығыс Қазақстан облысында сексен екі этномәдени бірлестік жұмыс істейді, олардың ішінде: Өскемен - 22, Семей – 14, Риддер – 11, Курчатов – 3, Абай ауданы – 1, Бесқарағай ауданы – 1, Бородулиха ауданы – 6, Глубокое ауданы- 4, Зырян ауданы – 10, Шемонаиха ауданы – 10.

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарда халқымыздың даналығы және Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемел саясатының арқасында әлемде болып жатқан түрлі этносаралық қақтығыстар мен қоғамдық қайшылықтардан еліміз аман. Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Экономикамыз дамуда. Осы жылдар ішінде демократия бағытындағы қоғамдық танымның түбегейлі өзгерісі болды. Қазақстандағы барлық ұлттар мен этностардың салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін сақтауда толық жағдайлар жасалды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив