KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Бесінші күн дегенде тірілтіп алды

28.11.2012, 18:00 217


Өскеменде дәрігерлер «Help-синдром» диагнозы қойылған, өмір сүру мүмкіндігі нөлге тең 26 жасар Елена Паршинаны құтқарып қалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Науқас бірінші қалалық ауруханаға перзентханадан келіп түскен. Қан қысымы 230/130-ға дейін көтеріліп кеткен Еленаны облыстық ана мен бала орталығына жедел жәрдеммен жеткізген. Дүниеге келетін нәрестенің және анасының денсаулығына қауіп төндірмеуді ойлаған дәрігерлер бірден ота жасауға шешім қабылдайды. Сөйтіп, өмірге кішкентай Ульяна келеді. Бірақ бұл кезде анасының жағдайы мүшкіл еді.

– Сол күні оны біздің қалалық ауруханаға хәлі өте ауыр күйінде жеткізді. Яғни, «Help-синдромы» диагнозымен келді. Бұл сырқат қан құрамындағы эритроциттердің бұзылуына әкеліп соқтырса, мұның арты ағзаның ішкі мүшелеріне зиян шектіреді. Соның салдарынан Еленаның бауыры, бүйрегі, асқазаны және басқа да мүшелерінің жұмысы бұзылған, - дейді жансақтау бөлімінің меңгерушісі Александр Нарейко.

Ес-түссіз жатқан науқастың бетін бері қарату еш мүмкін еместігін түсінсе де дәрігерлер барлық қолдан келген көмектерін аямаған. Астаналық әріптестерімен телекөпір арқылы байланысқа шығып, тиісті кеңестер алған, жасанды бүйрек жалғаған, қан құйған, қолдан тыныс алдырған, қысқасы, күндіз-түні дамыл таппайды. Бесінші күн дегенде оң өзгеріс байқалып, науқас өз-өзіне келе бастаған. Қазір оның денсаулығы тәуір, қауіп жоқ.

Медицина мамандарының айтуынша, мұндай дертке шалдыққандар ішінде миллионның біреуін ғана ажал аузынан алып қалуға мүмкіндік бар көрінеді. Сол мүмкіндікті сыйлаған өскемендік дәрігерлердің ғажап жұмысына Еленаның анасы мен туған-туыстары шын жүректен алғыстарын жаудырып отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив