KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Мұғалімдердің ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді

27.11.2012, 18:00 176


2012 жылғы 4 желтоқсанда Астана қаласында «Көрме» орталығында «Мұғалімнің кәсіби дамуы: дәстүрлері мен өзгерістері» атты ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ашылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Іс-шараны ұйымдастырушы - Кембридж университетінің Халықаралық емтихан кеңесімен (Ұлыбритания) ынтымақтасқан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы.

Конференция аясында қазақстандық мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша Қазақстан-Британ жобасының алғашқы жылында іске асқан нәтижелер талқыланып, сондай-ақ Кембридж университетімен стратегиялық ынтымақтастық жағдайында одан әрі жұмыс істеудің келешегі белгіленеді деп күтілуде.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі мемлекеттік органдардың, орта және жоғары білім беру ұйымдарының педагогикалық қоғамдастығының, Қазақстанның және Австралия, Ұлыбритания, Израиль, Канада, Жаңа Зеландия, Ресей, АҚШ, Финляндия, ОАР (Оңтүстік Африка Республикасы) мен Жапония сияқты шетелдердің педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесінің өкілдері қатысуда.

Конференция барысында мұғалімдердің кәсіби дамуы саласында ғылыми-зерттеушілік және практикалық тәжірибе алмасу, педагогтердің біліктілігін арттырудың заманауи жүйесінің өзекті мәселелерін шешуді бірлесе іздестіру, педагогтердің біліктілігін арттырудың жүйесін тиімді қолдану және оның мазмұнының сапасын жетілдіру бойынша басымдықтарды анықтау және ұсынымдар әзірлеу жоспарланған.

Конференция аясында «Мұғалімнің кәсіби дамуы: серіктестік аймағы» аталатын көрме ұйымдастырылады. Онда педагог кадрларды даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын қазақстандық жетекші мемлекеттік педагогикалық институттардың, Кембридж университетінің, Назарбаев Зияткерлік мектептері мен халықаралық ұйымдардың көрнекі материалдары ұсынылған.

Конференция барысында Кембридж университетімен ынтымақтаса отырып, Педагогикалық шеберлік орталығы шығарған ақпараттық-әдістемелік «Педагогикалық диалог» журналының алғашқы нөмірінің тұсаукесері болады. Бұл жаңа басылымның негізгі мақсаты Назарбаев Зияткерлік мектептерінің және жетекші қазақстандық әрі шетелдік білім беру ұйымдарының озық педагогикалық тәжірибесін тарату болып табылады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив