KZ
Өскемен
+9°
ясно жел 5 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Келесі жылы қазақстандықтар қандай еңбекақы алады?

27.11.2012, 18:00 94


Жаңа жылда қазақстандықтар қандай еңбекақы алады және келер жылдың сұранысқа ең көп ие болатын қандай мамандықтар? Қазақстан еңбек нарығын арнайы зерттеген шетелдік мамандар осы сұрақтарға жауап берді.

Кеңес кезінен қалған білікті инженерлер, технологтар зейнет жасына таяп қалды. Сол себепті барлық компаниялар тығырыққа тірелуде. Бұрыннан келе жатқан мамандарды жас буын әлі де толық жетіліп үлгермей, орындарын баса алмай жатыр. 2013 жылы сұранысқа ие болатын мамандықтардың көшін техникалық мамандықтар бастап тұр.

Рекруторлардың айтуынша, келесі жылы жұмыссыз жүргендер аймақтардан, атап айтсақ ұлттық компаниялар Астана қаласына көшкендіктен, дәл осы қалада, кадр тапшылығы қатты білінеді. Ал, еңбекақы инфляцияға байланысты небәрі 15 пайызға ғана өсуі мүмкін.

Сонымен қатар, әлi де елiмiздегi ең үздiк ұлттық компаниялар мен холдингтердегі барлық топ менеджерлері шетелдiк мамандар екені әлі де өзгермейді дейді. Себебі, Қазақстанға имидж маңызды, әлемдік нарыққа шығуы үшін топ менеджер шетелдік болуы керек. Ал ең бастысы, жүрек қалауымен оқымаған адамнан болашақта жақсы маман шықпайды,- деп қорытты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив