KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

ШҚО-да бірнеше жол учаскесінде қозғалыс шектелді

25.11.2012, 18:00 142


Өскемен - Горная Ульбинка тас жолының 31-ші және 34-ші шақырымдарында өздігінен екі қар көшкіні жүрді. Жолдарды тазарту жұмыстарына «Обл Шығыс Жол» техникасы жұмылдырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша, осы екі арада, аймақта Өскеменнен Шемонаихаға баратын жол, Зырян-Рахман қайнарлары, Солтүстік, Тарғын-Самарское жолындағы қозғалыс жабылды. Атап айтқанда, кеше сағат 14:15-тен бастап "Өскемен- Шемонайха-РФ шекара" жолының 16-123 шақырымындағы "Глубокое-РФ шекарасы" учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынды.

Ал бүгін "Өскемен-Зырян-Рахман Қайнары" 0-164 шақырымындағы "Степное-Зырян" учаскесінде де автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.

Аталған жолда автокөліктердің үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында «Қазақавтожол» РМК-ның ЖПБ (Жол пайдалану бөлімшесі) арнайы техникалары кезекшілікке шықты.

«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Шығыс Қазақстан облысы бойынша 8 (7232) 26-28-08 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив