KZ
Өскемен
+25°
переменная облачность жел 1 м/с, ОБ
440.92 475.36 4.82

Өскеменде «Қайырымдылық- асыл қасиет» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

22.11.2012, 18:00 260


Өскемен қаласындағы № 35 орта мектебінде ата- аналардың қамқорлығынсыз қалған балалар мен олардың қамқоршыларына қолдау көрсетуге арналған «Қайырымдылық- асыл қасиет» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Акция мақсаты ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға тірек болып, өз қанатының астына алған 5 жанұя мүшелеріне рухани тұрғыдан қолдау көрсете отырып, солардың үлгісінде мектеп оқушыларын мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу болып табылады. Оларға арнап қайырымдылық концерті ұйымдастырылады. Концертке 35 оқушы мен олардың жетекшілері қатысады. Мектеп ұжымы атынан қамқорлықтағы 5 оқушыға оқуға қажетті құрал-жабдықтармен көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар, балаларға жан жылуын төгіп, өз мейірімін аямаған қамқоршы ата-аналарға мектеп ұжымы мен қамқорлық кеңесі атынан «Мадақтама» қағазы тапсырылады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив