KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қаруды қалай сатып алуға болады?

18.11.2012, 18:00 371


– Менің жеке мал шаруашылығым бар. Отбасыммен бірге қыстақта тұрамын. Отбасымды және малымды ит-құстан қорғау үшін мылтық сатып алайын деп едім, маған қандай құжаттар керек?
Қ. Төлегенұлы
Күршім ауданы.

– Бұл сұраққа заңгер-кеңесші Гүлмира Кәкімбекова жауап береді.

- «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» ҚР Заңының 1998 ж. 30-желтоқсандағы № 339-I 15-бабына сәйкес, 18 жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарынан нақты қару түрін иемденіп алуға рұқсат алғаннан кейін азаматтық қару алуға құқығы бар. Қару сатып алуға рұқсат алу үшін еліміздің азаматы тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органына белгіленген нысанда өтініш, көру қабілетінің бұзылуына, психикалық ауруға, маскүнемдікке, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты қару ұстауға кедергі жоқ екені туралы медициналық қорытынды және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат тапсыруға міндетті.

Қару сақтауға немесе сақтау мен алып жүруге рұқсаты бар адамдарды қоспағанда, қорғануға арналған тегіс ұңғылы атыс қаруын, газ пистолеттері мен револьверлерді, ұңғысыз атыс қаруын, лақтырылатын қаруды (садақтар мен арбалеттерді) бірінші рет иемденіп алатын адамдар тұрғылықты жерінде ел Үкіметі осындай құқық берген ұйымдарда қару айналымына бақылау жасау саласындағы уәкілетті орган әзірлеген бағдарлама бойынша қаруды ұстау қауіпсіздігі ережелерін білетіні жөнінде тексеруден өтуге міндетті.

Аңшылық қаруды иемденуге рұқсат алу үшін қажетті құжаттар тізімі: психдиспансерден, наркодиспансерден, көз дәрігерінен анықтама; ҚСжАО сотталмағаны жөніндегі анықтама; «Динамо» СК нұсқаулық; обл. аңшылық қоғамымен жабайы аңдарды жыл сайынғы ату жөніндегі келісімшарт (аңшы-кәсіпшілер үшін); обл. аңшылық қоғамынан өтініш; тұрғылықты жері бойынша учаскелік инспектор рапорты; түбіртектер; жеке бас куәлігінің көшірмесі; СТН; мекенжай бюросынан анықтама; 3х4 фото 2 дана; аңшының 5 жылдан кем емес өтілін растайтын тегіс ұңғылы қаруды сақтау үшін рұқсат көшірмесі; бірыңғай аңшылық билет.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив