KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Шемонайхада көшелер көркейіп келеді

18.11.2012, 18:00 131


Шемонайха ауданының тірек ауылдарындағы жолдарды жөндеу жұмыстары жоспарланғанған кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мәселен, Выдриха ауылындағы басты екі көшеге асфальт төселді. Сондай-ақ Камышенка ауылындағы тоғыз көшені жөндеуге бөлінген қаржы толық игеріліп, жол белгілері орнатылды. Верх-Уба ауылындағы екі көшені жөндеу жұмыстары дер кезінде жүргізілді.

Шемонайха қаласындағы Вокзал көшесіне асфальт төселіп, жиектастар орнатылды. Осы көшенің бойындағы қиылыстарда жаңа бағдаршамдар қойылды. Жалпы ауданның ішкі жолдарына 50 дана жол белгілері орнатылды. «ДСУ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шемонайха-Сугатовка автомобиль жолына жоспарланған орташа жөндеу жұмыстарын аяқтады.

Биыл аудандағы 182 шақырымды құрайтын жергілікті жолдарды қалыпты ұстау және жөндеу үшін 117000 мың теңге бөлінген. Бұл жұмыстармен «Востокдорстрой» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны айналысып жатыр. Қысқы кезеңде жолдарды ұстау үшін жеті қар тазалау техникасы қолданылуда.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив