KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 10 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Жүкті әйелдерге қандай тағамдар тұтынған жөн?

13.11.2012, 18:00 234


– Мен сәби күтіп жүрмін, мерзімім – үш ай. Қыз-келіншектерге арналған журналдарда әйел адамдарға жүктілік кезінде минералды заттарды көбірек пайдалану керектігі жиі жазылады. Білейін дегенім, жүкті әйелге нақты қандай минералды заттар қажет әрі пайдалы, ол үшін қандай тағамдарды тұтынуым керек?

Әсел Желдібаев, Өскемен

Бұл сұраққа химик-дәрігер Ирина Сытенко жауап береді:
– Жүкті әйелдердің барлығы темір препараттарын қабылдау керек. Темір жүкті әйелдерге аса қажет, бірақ ондай дәрумендер қыруар ақша тұратынын ескерткіміз келеді.

Жүктіліктің екінші жартысында аяғы ауыр әйелдің ағзасындағы темірге деген сұраныс артады: күндік мөлшері – 30 милиграмм. Бұл мөлшердегі темірді тамақтан алу мүмкін емес деуге болады. Сондықтан алғашқы уақытта ағзада жиналған темір қоры пайдаланылады. Ол таусылғанда ғана барып қосымша темір препараттарына деген сұраныс туындайды. Көптеген әйелдердегі темір қоры етеккір кезінде және алдыңғы жүктілік кезінде таусылып қалады немесе өте аз мөлшері сақталады. Осындай себептерге байланысты жүктіліктің отызшы аптасына қарай әйелдерде жүктілік кезіндегі темір жетіспеушілігі симптомдары байқалады. Темір жетіспеушілігінің салдарынан шаршау мен бозару байқалады, әйел індеттерге (инфекция) жиі шалдығатын болады. Осыдан кейін темір препараттарын қабылдау қажет-ақ.

Тағамдардан темірді сіңіріп алуға «С» дәрумені көмектеседі. Ол үшін түскі ас кезінде бір стакан апельсин немесе грейпфрут шырынын ішу керек. Не болмаса, тамағыңызға лимон шырынын қосып жіберіңіз.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив