KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 2,2 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да келер жылы 160 үй жөнделеді

11.11.2012, 18:00 153


Облыс аумағындағы бес мыңнан астам көпқабатты тұрғын үйдің 90 пайызға жуығы осыдан 20 жыл бұрын салынған. Жүргізіліп отырған тексерулер сол үйлердің 4,5 мыңға жуығы жөндеу қажет ететінін көрсетіп отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі. Елімізде жүргізіліп жатқан терможаңғырту бағдарламасы бойынша өткен жылы біздің облыста 117 үйге жөндеу жүргізілді. Биыл осы шараға республикалық бюджеттен 812 млн. теңге бөлініп, 60 үй жөнделген. Қазіргі күні жөндеу жұмыстары әрі қарай жалғасуда.

Келер жылға құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы агенттігіне 1 млрд. 400 млн. теңгеге бюджеттік тапсырыс беріліп, осы қаржыға Өскемен, Семей, Риддер, Зырян, Серебрянка, Курчатов қалалары мен Аягөз, Зайсан, Шемонайха, тағы да басқа ірі ауылдардағы 160 тұрғын үй нысанын жөндеу көзделініп отыр.

2020 жылға дейін жүргізілетін терможаңғырту бағдарламасы аясында қайта жаңғыртуды қажет етіп тұрған облыстағы 3970 көппәтерлі тұрғын үйдің 2600-і жөнделіп бітетін болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив